Аяғы токпен ғана жүретін әнші Нұрланның жағдайы жұртты алаңдатып қойды

Аяғы токпен ғана жүретін әнші Нұрланның жағдайы жұртты алаңдатып қойды

Кезінде қазақ сахнасында "Жұлдызым" әнімен жұлдызы жанған "Нұрлан мен Мұрат" дуетінің әншісі Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы туралы видео тарады деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода Нұрлан Әміровтің қазір денсаулығы сын көтермейтіні айтылады. 

"Нұрлан ағамыздың аяғы арнайы ток аппараттарымен ғана жүреді", - деген видео авторы әншінің үйіндегі көріністі жариялады. 

Видеода Нұрлан Әміров бірнеше құрылғыдан тұратын аппаратты денесіне тағу арқылы ғана қозғалыс жасай алатыны айтылады. 

"Міне, денемде операция жасалған тыртық та бар. Мынау аппарат болмаса, свет өшіп қалса, жүре алмаймын", - деген әнші өзін күтіп-баптап отырған әйеліне де алғыс айтты. 

Әншінің мына жағдайын көрген жұрт "оңай емес", "тез сауығып кетсін" деп пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар