Әйеліне аяғын жуғызып шіренген еркек жұртты жиіркентті

Әйеліне аяғын жуғызып шіренген еркек жұртты жиіркентті

ТикТок әлеуметтік желісінде әйеліне аяғын жуғызған еркектің әрекеті жұрттың ашуын тудырды деп жазады Democrat.kz.

Видеода қолына телефонын алып, әлденені қарап отырған еркектің аяғын әйелі әспеттеп жуып, өбек қағып жатқаны байқалады. 

Күйеуіне құрмет көрсетудің бір үлгісі болуы мүмкін дерсің, бірақ...Бұл видеодағы еркектің отырысы, кәдімгі Құранды жазып шыққан Құдайдан да биік дәрежедегі тәкәппарлықты, күллі надан еркектердің басты қалауының осы екенін анық көрсеткендей. 

Мұнысымен қоймай, "жиіркенішті", "не сұмдық мынау", "жетпегені осы ед" деген сыңайда пікір жазғандарға видео авторы  "әйел күйеуінің разылығын осылай алуы керек, әйелдің бұл міндеті" дегендей жауап жазып отыр. 

Есі дұрыс елдің еркектері әйеліне көмекші робот жасап беруде. Ал біздің елдің кей еркектері әйелді қайтсем табанымның астында езіп, ал өзім елу сантиметрлік бұтыммен тайраңдап жүре берейін деген пасық санадан арылмады. 

Барлық жаңалықтар