ТикТок әлеуметтік желісінде білім саласындағы түрлі былықтарды ешкімнен жасқанбай, ашық айтып, мұғалімдік мамандығын қазір саяхатшылыққа ауыстырған жас педагог Бақытжан ән айтып, ақша тапқанын айтты деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде танымал болған жас мұғалім Бақытжан Францияда жүріп, көшеде ән айтып ақша тауып жүргенін айтады.
"Екі күн көшеде ән айттым. Ақша табайын деген ойым болмады. Құрал-сайманым салынған чемоданның аузы ашық қалған екен.
Өткен-кеткен кісілер ән салғаным үшін ақша тастап кетіп отырды. Үйге келіп санасам, аз ақша емес. Екі күнде 60 мың ттеңге тауыппын", - деген Бақытжан өлең айтып, ақша да тауға болатынын айтып, күлді.