Бойдақ қыз қоғамға үндеу жасап, ішкі жан айқайын жеткізді

Бойдақ қыз қоғамға үндеу жасап, ішкі жан айқайын жеткізді

ТикТок әлеуметтік желісінде тиктокер Әсел Нығметқали тұтас қоғамға бойдақ қыздардың атынан үндеу  жасады деп жазады Democrat.kz.

"Әбден шаршадым. Жасым - 26-да" деген тиктокер біздің қоғамдағы бойдақ қыздарға жасалатын психологиялық қысымға тоқталды. "Жасың кеп қалды, қашан күйеуге тиесің? Неге осы уақытқа дейін тұрмысқа шықпадың? Осы жасыңа дейін жігітің жоқ па? деп басталатын сұрақтар "қазір тұрмысқа шығып кетпесең, отырып қаласың. Қазір күйеуге тиіп алмасаң, бала табуың да қиындайды. Қазір күйеуге тиіп алмасаң, сосын жүресің үйленбеген жігіт таппай" дейтін ақыл-кеңеске ұласады. Не бұл? Ұят емес пе? Неге біздің қоғамда адамның жеке өміріне құрметпен қарау деген нәрсе жоқ? Бәлкім, менің тұрмысқа шыққым келмейтін шығар? Бәлкім, менде басқалай себеп бар шығар. Неге мен сияқты қыздарға қырғидай тиіп, сұрақпен миларын ашыта бересіңдер адамдар?" деген тиктокер жұртқа "бізде шаруаларың болмасын" деді. Тиктокердің бұл пікірін қолдап жатқандар өте көп. Алайда " отырып қалмасын деп жанашырлықпен айтады ғой", "қыздың ертерек өз орнын тапқаны дұрыс" дейтін адамның жеке өміріне қатысты ақыл айтушылар да аз емес. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@asselek_n/video/7513647246437616952?_r=1&_t=ZM-8x5cTJ46LNl
Барлық жаңалықтар