"Ешкімді күштеп жатқан жоқ": "Әділет" партиясы мәлімдеме жасады

"Ешкімді күштеп жатқан жоқ": "Әділет" партиясы мәлімдеме жасады

Жақында құрылған "Әділет" партиясы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарға қатысты ресми мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Әділет" партиясының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тарап жатқан "партияға күштеп кіргізіп жатыр, мәжбүрлеп жатыр" деген пікірлерге қатысты жауап берді. 

"Партия ешкімді қатарына күштеп, мәжбүрлеп кіргізіп жатқан жоқ. Саяси ұйымға мүше болу әркімнің жеке таңдауы. Егер күштеу, мәжбүрлеу сынды жағдайға тап болсаңыз, партияның электронды поштасына дәлелдеріңізді жолдасаңыз болады" деп хабарлады "Әділет" партиясының баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалықтар