FlyArystan табысы бес есе өссе де, 4,5 млрд теңге шығынға батқан

FlyArystan табысы бес есе өссе де, 4,5 млрд теңге шығынға батқан

FlyArystan-ның 2025 жылғы түсімі 203,1 млрд теңгеге дейін өскенімен, компания жылды 4,5 млрд теңге шығынмен аяқтады. Бұл алдыңғы жылдағы шығыннан 27 пайызға көп, деп жазады Democrat.kz.

FlyArystan қаржылық есебіне сәйкес, 2024 жылы компанияның шығыны 3,6 млрд теңге болған.

2025 жылы бұл көрсеткіш 4,5 млрд теңгеге дейін өсті. 

Сонымен бірге кіріс өте жылдам артқан. Компанияның жалпы түсімі 36,8 млрд теңгеден 203,1 млрд теңгеге дейін, яғни шамамен 5,5 есе көбейді.

Жолаушы тасымалынан 173,8 млрд теңге түскен.

Ұшақтар мен қозғалтқыштарды жалға және қосалқы жалға беруден 28,3 млрд теңге, жүк пен пошта тасымалынан шамамен 1 млрд теңге алынған.

Компания табысының негізгі бөлігі ішкі бағыттарға тиесілі — 141,1 млрд теңге.

FlyArystan әуе кемелерін өзінің бас компаниясы Air Astanaдан жалға алады, ал бұл міндеттемелердің елеулі бөлігі АҚШ долларымен есептеледі.

Бұдан бөлек, лоукостер 2025 жылы нормадан артық багаж үшін жолаушылардан 1,5 млрд теңге түсірген. 

Барлық жаңалықтар