«Жаңа адамдар» AntiLipa арқылы жалған медициналық анықтамалармен күресті күшейтті

«Жаңа адамдар» AntiLipa арқылы жалған медициналық анықтамалармен күресті күшейтті

«Жаңа адамдар» қозғалысының AntiLipa азаматтық науқаны жалған медициналық құжаттар мәселесіне қарсы күресті жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұған дейін қозғалыс «Ayana clinic»-ке қатысты тексеру ұсынып, аталған мекеменің екі рет жалған анықтамалар сатқаны әшкереленген болатын. Бұл жағдай қоғамда кең резонанс туғызып, белсенділердің рейдінен кейін мәселе БАҚ пен Денсаулық сақтау министрлігінің назарына ілікті, деп хабарлайды democrat.kz.

Осындай жариялылықтан кейін заңсыз әрекеттер тоқтауы тиіс еді. Алайда белсенділер қайта тексеріс жүргізді. Жаңа зерттеу барысында Астана мен Алматы қалаларындағы «Ayana clinic» филиалдарында 22 бақылау сатып алуы ұйымдастырылды. Нәтижесінде өткен күнмен рәсімделген анықтамалар, медициналық тексерусіз берілген кітапшалар және процедурадан өтпей алынған флюорография қорытындылары анықталды. Барлық құжаттар медициналық тексерусіз рәсімделген.

Бұған дейін клиника басшылығы мұндай әрекеттерге қатысы барын жоққа шығарғанымен, тексеріс кезінде мекеме директоры Абдуразах Уалидің медициналық құжаттарды сату сәті камераға түсіп қалған.

Қоғам алдындағы мәлімдемелерге жауап ретінде «Жаңа адамдар» қозғалысы клиникадан ашық түсініктеме алу мақсатында баспасөз конференциясын өткізді. Іс-шара барысында сатып алынған анықтамалар көрсетілген үлкен баннер ұсынылып, белсенділер нақты сұрақтар қойып, дәлелдер келтірді және ашық диалог орнатуға тырысты.

Алайда клиника өкілдері заңбұзушылықтарды мойындамай, өз ұстанымдарын өзгеріссіз қалдырды. Баспасөз конференциясы кезінде түрлі медициналық анықтамалардың бағасы көрсетілген прайс-парақ табылып, онда өткен күнмен рәсімделетін құжаттар мен аурухана парақтары да бар екені белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, медицина саласындағы жалғандықпен күрес — ел үшін маңызды басымдықтардың бірі. Нақты өзгерістер қоғам жалған әрекеттерді қалыпты құбылыс ретінде қабылдаудан бас тартқанда ғана басталады.

«Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Даниил Львовтың айтуынша, AntiLipa науқаны азаматтарды бейжай қалмауға шақырады. Оның пікірінше, мәселе әр азаматтың қандай қоғамда өмір сүргісі келетініне байланысты: шынайылыққа негізделген елде ме, әлде жалғандық қалыпты жағдайға айналған ортада ма.

Барлық жаңалықтар