Иранда жас балуан Салех Мохаммади көпшілік алдында дарға асылды. Иран билігі оны наразылық акциялары кезінде полицияға шабуыл жасады деп айыптады деп хабарлайды Democrat.kz.
Еlordamedia.kz. дерегі бойынша, сот оны “АҚШ пен Израиль мүддесі үшін іс-әрекет” деп танып, өлім жазасын тағайындады.
Ал құқық қорғаушылар соттың әділ өтпегенін, тергеудің тиісті жүргізілмегенін және Мохаммадидің өз қорғауын пайдалана алмағанын хабарлады.
Сондай-ақ бапкерлер мен командаластары оның оқиға кезінде әкесінің үйінде болғанын айтқан, алайда тергеу бұл деректі ескермеген.