Санжар Боқаевқа қатысты жұрт білмейтін тың дерек шықты

Санжар Боқаевқа қатысты жұрт білмейтін тың дерек шықты

Саясаткер Санжар Боқаевтың ұсталуына қатысты істің астарында экс-әкім Досаевтың беделіне жасалған шабуыл мен Дариға Назарбаеваның ықпалын тежеу ниеті жатуы мүмкін деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Ertenmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

Танымал журналист Гүлжан Ерғалиеваның пайымынша, ресми айыптар гранит ұрлығы мен тал-теректі заңсыз кесу сияқты ұсақ-түйек заңсыздықтар шынайы көрінбейді.

Себебі Боқаев жүргізген репортажда Алматы әкімдігінің бюджетті талан-таражға салған әрекеті, шенеуніктердің қала мүлкін жеке мүддеге пайдаланғаны нақты әшкереленген еді.

Ерғалиеваның айтуынша, дәл осы репортаждар Боқаевтың биліктің ішінен нақты ақпарат алып отырғанын аңғартады.

«Санжар әрекеттері тек азаматтық белсенділікпен шектелмейді, оның артында ұйымдастырылған саяси науқан тұруы мүмкін. Бұл бұрынғы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың беделіне нұқсан келтіруге бағытталған», – дейді журналист.

Ерғалиева Досаевтың президент Тоқаевтың сенімді адамы қатарына енгенін ескерсек, билік енді Алматы әкімдігіндегі Санжарды қажетті мәліметпен «қамтамасыз» еткен ақпарат көзін анықтауға тырысады деп санайды.

Журналистің пікірінше, «бұрынғы Назарбаевтықтардың» ешқашан шын мәнінде биліктен алшақтауы мүмкін емес. Өйткені олардың қызметіндегі барлық құпиялар, табыстар мен жеңілістер бұрынғы қожайындарының сейфінде сақталған.

Бұл жерде Ерғалиева Санжар Боқаевтың Дариға Назарбаеваның және оның бұрынғы күйеуі Қайрат Шәріпбаевтың қасында кеңесші қызметін атқарғанын еске салады.

«Президент Тоқаевтың «сахна сыртындағы қуыршақ ойнатушылардың заманы өтті» деген сөзі бекер емес. Бұл билік элитасындағы ықпалды «ескі Қазақстанның» реваншистеріне қарсы үлкен күреске дайындық. Боқаев стратегиялық фигура емес, бірақ ол Назарбаеваның айналасындағылар туралы маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін. Сондықтан АҚШ-тан Қазақстанға оралды, себебі оған келісімге келу ұсынысы түскен...», – дейді журналист.

Барлық жаңалықтар