Министр білім саласындағы ең басты мәселені шешуді ұсынды

Министр білім саласындағы ең басты мәселені шешуді ұсынды

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова облыстық білім басқармаларын жинап, аппараттық жиын өткізді. Жиынның күн тәртібінде өңірлердегі оқушылардың білім сапасын арттыру және инклюзивті білім беру мәселелері қаралды, деп жазады Democrat.kz.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, министр өңірлер арасындағы білім алшақтығына мән беріп, кейде білім сапасынан гөрі, қағаздағы есеп маңызды болып кететінін айтқан. Сондай-ақ министр білім сапасы бойынша артта келе жатқан облыстарды сынаған.

«Өкінішке қарай, арамызда білім сапасын оқушының терең білімімен емес, атқарылған жобалардың санымен өлшейтін менеджерлер әлі де бар. Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, шәкірттің шынайы жетістігі мен білім деңгейінің өсуі қажет. Сол себепті, өңірлерде қалыптасқан жағдайды бүкпесіз айтып, оны шешудің жолдарын бірге іздестіруден ғана нәтиже болады», – деген Жұлдыз Сүлейменова.

Барлық жаңалықтар