"Әнші Розадан осылай көңілім суыды": Желіде әншіге қатысты сұмдық ақпараттар тарады

"Әнші Розадан осылай көңілім суыды": Желіде әншіге қатысты сұмдық ақпараттар тарады

Әлеуметтік желіде әнші Роза Рымбаева туралы пікірін жариялап, өмірде бірнеше рет кездескен сәтінде көңілі қалған жайттардыжазған қыздың жазбасы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Даниел Куанов атты желі қолданушының "қандай өнер адамының шынайы өмірдегі кейпін көріп, куә болдыңыз?" Деген сауалына желі қолданушылардың бірі әнші Роза Рымбаеваның шынайы өмірдегі мінезін айтып, басынан өткен оқиғаны баяндады.

"Әнші Розаның бишілер құрамында едім. Шамамен 8 жаста болатынмын. Басқа балалар секілді мен де өнер адамының авографын алатынмын.

Роза Рымбаева жақындап, автограф сұрағанымда "мен Халық әртісімін, менен автограф керек болса, А4 парақтағы суретімді әкел, сонда ғана қол қойып берем" деп, парағымды лақтырып жіберген. Ал бұл парақта Ескендір Хасанғалиевтің, МузАртттың, Қайрат Нұртастың автографтары бар еді" дейді espoir_uma атымен тіркелген желі қолданушы. 

Осыған ұқсас жағдайды баяндаған келесі кісі "менің мамам да көшеде көріп, қасына барғанда, әнші Роза қарамай қойыпты" дейді. 

idon_don1 атымен тіркелген желі қолданушы: "Бір тойда Роза Рымбаева өзімен  суретке түскісі келген еден жуушы ма, гардеробшы ма, сондай бір әйелге «Мына түріңізбен менімен қалай түсейін деп жатырсыз?»дегені бар" деп жазды. 
 
Дайындаған ӘЛИЯ БОЛАТҚЫЗЫ. 
 
Барлық жаңалықтар