Жаңа Конституция: Асель Баденова қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды

Жаңа Конституция: Асель Баденова қазақстандықтарды референдумға қатысуға шақырды

«Жаңа адамдар» қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова қазақстандықтарға үндеу жасап, алдағы референдум ел болашағына тікелей әсер етуге және жаңа Конституцияны қабылдауға үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті деп хабарлайды Democrat.kz сайты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан қоғам үшін маңызды өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Мұндай уақытта азаматтардың белсенді қатысуы ел дамуының негізгі факторына айналады.

Жаңа Конституция мемлекеттің алдағы дамуының негізі ретінде қарастырылып отыр. Ол прогресс, өркениет, технологиялық серпіліс, цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту бағытындағы маңызды қадам болмақ.

Сонымен қатар Қазақстан әлемдік аренада ашықтық, мәдениетаралық келісім және бейбітшілік қағидаттарымен ерекшеленеді. Әртүрлі мәдениеттер мен діндерге төзімділік, көптүрліліктегі бірлік және жасампаз патриотизм қоғамның маңызды құндылықтары болып қала береді.

Бұл қағидаттар дамуды, тұрақтылықты және азаматтық қатысуды нығайтуға бағытталған заманауи мемлекет бейнесін қалыптастырады.

Елдің түкпір-түкпіріндегі «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері патриотизмді өмір салты ретінде ұстанып, қоғамды маңызды мемлекеттік үдерістерге қатысуға шақырып келеді. Олар қазақстандықтарды өз дауыс беру құқығын пайдаланып, референдумға белсенді қатысуға үндейді.

Асель Баденова, «Жаңа адамдар» қозғалысының көшбасшысы:

«Бізге дамыған Қазақстан қажет! Мен жаңа Конституцияға дауыс беремін және сіздерді 15 наурыз күні өтетін референдумда осы жобаны қолдауға шақырамын. Референдум – әр азамат “Мен өз елімнің болашағы туралы шешім қабылдауға қатыстым” деп айта алатын маңызды сәт. Әр адамның дауысы маңызды, өйткені елдің даму бағытын қоғамның белсенді қатысуы айқындайды».

 

Барлық жаңалықтар