Жазира мен Жанболаттың жаңа келіні жұрттың сынына ұшырады

Жазира мен Жанболаттың жаңа келіні жұрттың сынына ұшырады

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні шулатып жатқан әнші Жазира мен Жанболаттың баласының үйлену тойының қызықты кадрлары толастар емес. Енді жаңа келін Асылы жаңа өміріне қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.

Той алдындағы сәндену сәті болса керек, Асылы бояну кезінде өзіне қойылған бірнеше сұраққа жауап беріп, жұрттың талқысына түсті. 

"Қалыңмалыма он миллион теңге берді. Келін болып бара жатқан отбасы ел алдында жүрген, танымал отбасы. 

"Жұлдыз келін" болуға, әр кез елдің назарында жүруге дайынмын. Қазыбек бір үйдің жалғыз баласы болса да, басқалар сияқты "эгоист" емес. 

Ал жалғыз қайынсіңліме ат қоюға қатысты енем "біз жақта Аралда атымен атай береді" деді", деген жас келін Асылы қайынсіңлісіне ат қоймайтынын жұқалап жеткізді. 

Әйтсе де, сыншыл жұрт Асылыны да сынап тастады. "Краскамен әдемі болып тұр. Мінезі баршылық екен", "түрі өзгере салды ғой", "мінезді қыз", "он миллион көп пе не?", "алғанына қуанған шығар", "он миллионға тұрмайсың ғой" дегенге саятын пікір жазуды қазірден бастады. 

Барлық жаңалықтар