Майғазиевтер әулетінің құпия видеосы жарияланып кетті

Майғазиевтер әулетінің құпия видеосы жарияланып кетті

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет өздерінің отбасылық құпия видеосының әлеуметтік желіде жарияланып кеткенін айтты деп жазады Democrat.kz.

Танымал журналист Анна Данченкомен сұхбат барысында Әділет Майғазиев жақында сәбилі болатындарын айтып, отбасында өткізген кішігірім гендер пати видеолары жарыққа шығып кеткенін айтады. 

“Мен гендер-пати дегендерді ұнатпаймын. Бірақ жұбайымның қалауы, гештальті болды. Сондықтан түсірдік. Негізі жарияламайды деп ойлағанмын. Жариялап қойыпты. Бірақ ештеңе етпес. Онда тұрған ештеңе жоқ”, - деді Әділет.

“Құдай қаласа Әділет пен Адия ата-ана, Сәкен мырза мен Динара ханым ата-әже атанатын күн алыс емес.  Өте жарасымды жұп. Көз тимесін!”, - деп жазды Анна Данченко өзінің парақшасында. 

Барлық жаңалықтар