Мәжіліс депутаты болған Ерлан Сайыров саяси, маңызды мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты болған Ерлан Сайыров саяси, маңызды мәлімдеме жасады

Мәжілістің бұрынғы депутаты Ерлан Сайыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.

Өз мәлімдемесінде Ерлан Сайыров  шілдеден бастап, жаңа Конституция өз күшіне енгенін айта келіп: "Мен бүгін "Әділет" партиясына мүше болуға өтініш бердім. Біздің барлығымыздың алдымызда тұрған миссия - Қазақастанның тәуелсіздігін арттыру. Қазақстанның тәуелсіздігін арттыру үшін елімізде мықты, мығым президент Тоқаевтың саяси ұсынысын қолдайтын, саяси партия болуы керек. 

Қазір "Әділет" партиясы Қазақстанның прогрессивті күштерін айналасына жинап жатқан, сонымен бірге, жаңа идеологияны, жаңа идеяны ұсынып жатқан партия. Сондықтан мен осы "Әділет" партиясына өтуге өтініш бере отырып, басқа да мемлекетшіл азаматтарды "Әділет" партиясына өтуге шақырамын!" - деп мәлімдеді Ерлан Сайыров. 

Барлық жаңалықтар