Марқұм айтыскер Оразалы Досбосыновтың ұлы туралы жағымсыз ақпарат тарады

Марқұм айтыскер Оразалы Досбосыновтың ұлы туралы жағымсыз ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде марқұм, айтыскер Оразалы Досбосыновтың келіні басынан өткен ауыр азаптары туралы бүкіл дәйектерін жариялаады деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде Назерке Надирова марқұм Оразалы Досбосыновтың баласының әйелі болғанын айтып, "жұрт шындықты білсін" деп, басынан өткен ауыр жағдайды суреттермен жариялады. 

"ТикТок әлеуметтік желісінде менің бұрынғы күйеуімді "Оразалының баласы" деп әспеттеп суреттерін жариялағанын көріп, әдемі суреттің артында жасырынған сұмдықтар туралы айтқым келді. 

Жұрт оны "Оразалы Досбосыновтың баласы" деп құрметтейді. Ал мен оның жүкті кезінде тастап кеткен баласының анасымын. 2024 жылы өзара келісіммен отбасын құрдық. Сол жылдың қараша айынды жүкті екенімді білдім.

Барлық сұмдық сол кезден басталды. 

Ұрыс, керіс, қорлау...Түнгі үште үйден көз жасым сорғалап, қашып шықтым. Мені видеоға түсіріп, "бала сенен емес" деуге мәжбүрледі. 

Әрі қарай...шешемнің қасында қалып, тоғыз ай бойы бар ауыртпалықты жалғыз көтеріп, өмірге ұлымды әкелдім.

2025 жылы 12 шілдеде ұлымды өмірге әкелдім. Сол кезде "бұл менің балам, білемін" деп жұрттың көзіне бір рет түскен ол содан кейін ғайып болды" деген Назерке Надирова қазір баласын жалғыз өсіріп отырғанын, әкесі тарапынан ешқандай қолдау жоғын, өздерін тастап кеткенін айтты. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. 

 

Барлық жаңалықтар