Таяуда ғана ұлдарын үйлендіретінін мәлімдеген әнші Жанболат пен Жазираның болашақ құдаларының кім екені белгілі болды деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желінің "зерттеушілері" бірер күн бұрын әнші Жазира Байырбекованың жариялаған видеосын түп тамырына дейін "тексеріп, қарастырып", жаңа құдалардың кім екеін тауыпты.
"Жанболат пен Жазираның болашақ құдалары МузАрт тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтің бажасы екен"деп жазды желі қолданушы Ару Кемелбек.
"Жанболат пен Жазира кіммен құда болуды біледі", "кезінде әнші Алтынайдың қызын көздеп жүр еді", "дұрыс қой, тең теңімен деген", "жастар бақытты болсын" дегенге саятын пікір жазуда жұрт.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.
