"Пәтер иесі қойнына жатпағаным үшін қуып шықты" деген еркек масқара жағдайды айтты (ВИДЕО)

"Пәтер иесі қойнына жатпағаным үшін қуып шықты" деген еркек масқара жағдайды айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде пәтер иесінің айтқанына көнбегені үшін үйден қуып шыққанын айтқан жігіттің видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Осыған дейін жалдап тұрған пәтерінің ақысын уақытылы төлеп келгенін айтқан жігіт:"Жақында пәтер иесі масқара ұсыныс жасады.

Пәтердің ақысын төлемей-ақ қоюымды, оның орынан көңілдесі болып, төсектес болуымды сұрады.

Қалжың болар деп, мән бермей, пәтердің ақшасын салып жібердім. Ертесіне ақшамды кері қайтарып, "ұсынысымды қабыл алмасаң, үйді босат" деді. Енді міне, осылай басқа пәтер іздеуге тура келіп отыр"- дейді.

Видеоның астына пікір жазғандар жағасын ұстап, таңғалуда. Кейбіреулер сенбей де жатыр.

Барлық жаңалықтар