«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі жұмыс сапары барысында Құю-механикалық зауытта және Тәжірибелік гидрометаллургиялық зауытта болды. Жұмыс сапары аясында кәсіпорындарды одан әрі дамыту, өндірісті жаңғырту, жұмыстың тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін күшейту мәселелері назарға алынды деп жазады Democrat. kz.
Құю-механикалық зауытында өндірісті технологиялық жаңғыртудың келешегі қарастырылды. Компания басшылығына 3D-баспа технологиясын қолдана отырып, газдандырылатын үлгілер бойынша құюдың заманауи технологиясын енгізу жобасы таныстырылды. Құны шамамен 3,2 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыру өнім өндіру дәлдігін арттыруға, бөлшектерді механикалық өңдеу көлемін қысқартуға және кәсіпорынның өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Басқарма төрағасының тапсырмасы бойынша жобаның тиімділігі мен өзін-өзі ақтау мерзімін бағалауды қамтитын кешенді экономикалық талдау жүргізіледі.
Кәсіпорынның өз өндірісін дамыту және импортты алмастыру мәселелеріне де ерекше мән берілді. Қазіргі таңда Корпорация құю және машина жасау өнімдерінің бір бөлігін сыртқы жеткізушілерден сатып алуда. Құю-механикалық зауытының өз өнім түрлерін кеңейтуге және өндірістік қуаттың жүктемесін арттыруға әлеуеті жеткілікті. Дегенмен сұранысқа ие өнімдерді жоғары сапамен және белгіленген жеткізу мерзімдерін сақтай отырып шығару негізгі басымдық болып қала беруде.
Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында зауыт басшылығына материалдарға деген қажеттілікті жоспарлау жүйесін жетілдіру тапсырылды. Ал компанияның бейінді құрылымдық бөлімшелеріне қысқы кезеңде өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті шикізат қорын қалыптастыру жүктелді.
Тәжірибелік гидрометаллургиялық зауытта кәсіпорынды одан әрі дамытудың келешек бағыттары талқыланды. Қазіргі уақытта қолданыстағы өндірістік инфрақұрылым негізінде техногендік шикізатты қайта өңдеу, ілеспе түрде мыс өндіру және қосымша өнім шығару жөніндегі жаңа тұжырымдама пысықталуда. Зертханалық зерттеу аяқталғаннан кейін кәсіпорын ауқымды сынақ кезеңіне өтіп, өнеркәсіптікк регламентті әзірлеуге кіріседі.
Жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды. Кәсіпорын басшыларына өндірістік тәуекелді азайту, өндірістік бақылау жүйесін жетілдіру және барлық учаскелерде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе, Руслан Өскенәлі Құю-механикалық және Тәжірибелік гидрометаллургиялық зауыттары «Қазақмыс» өндірістік кешенінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Компания аталған кәсіпорындарды дамытуды технологиялық тәуелсіздікті нығайтудың, өндіріс тиімділігін арттырудың және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтудің негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырады.
Қазақмыс ҚМЗ мен ТГМЗ-ны дамытудың басым бағыттарын айқындады
Фото "Қазақмыс".
-
Әлемде мыс тапшылығы күшеюі мүмкін: салаға 2050 жылға дейін 332 млрд доллар инвестиция қажет18:00, 21 қазан 2026
66
-
Шымкенттегі шина зауыты жаңғыртылды: өндірістік мүмкіндіктерді арттыру көзделген17:30, 21 қазан 2026
66
-
-
-
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті17:11, 21 қазан 2026
71
-
Қазақстанда тауарлық газ өндірісі күрт төмендеді17:00, 21 қазан 2026
71
-
Қазақстанда тауар өндірушілердің ұлттық тізілімі жаңартылды: 71,8 мыңнан астам өнім расталды16:30, 21 қазан 2026
73
-
Деректен нақты іске: Қазақмыс Жезқазғанда Орталық диспетчерлік орталық ашты16:17, 21 қазан 2026
79
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе рейстері екі есеге көбейді16:00, 21 қазан 2026
73
-
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
6016
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5844
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4546
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4261
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3870
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3245
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты
15:00, 24 тамыз 2026
2960
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты
15:00, 15 қыркүйек 2026
2935
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады
15:00, 10 қыркүйек 2026
2778