Қазақстандықтар дүкендерде картаны терминалға тигізгеннен гөрі QR арқылы жиі төлем жасай бастаған. 2026 жылдың алғашқы жартысында QR-төлемдер саны POS-терминал арқылы жасалған карта төлемдерінен 38 пайызға көп болды, деп жазады Democrat.kz.
Ұлттық банк 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төлем нарығына шолу жариялады.
Алты ай ішінде қазақстандықтар 7,1 млрд қолма-қол ақшасыз операция жасап, олардың жалпы сомасы 92,1 трлн теңгеге жеткен.
Күн сайын орта есеппен 39 млн-нан астам қолма-қол ақшасыз операция жасалады. Олардың жалпы тәуліктік көлемі шамамен 509 млрд теңгені құрайды.
Барлық қолма-қол ақшасыз төлемдердің шамамен 90 пайызы интернет, банктердің мобильді қосымшалары және QR-код арқылы жүзеге асырылады.
QR арқылы жасалған операциялар саны POS-терминалдағы карта төлемдерінен 38 пайызға, ал ақша көлемі бойынша 13 пайызға асып түсті.
Сонымен бірге қолма-қол ақша шешу операциялары азайған.