«Қожа бізге ренжіп кетті»: Режиссер марқұм Нұрлан Сегізбаев туралы айтты

«Қожа бізге ренжіп кетті»: Режиссер марқұм Нұрлан Сегізбаев туралы айтты

Қазақ Қожасымен қоштасты. Елімізге белгілі актер, сценарист және кинодраматург Нұрлан Сегізбаевты жұртшылық ақтық сапарға шығарып салды деп жазады Democrat.kz.

 Қоштасу рәсімінде сөз алған режиссер  Болат Ғалымбетов бала күннен бірге келе жатқан досының арманда кеткенін айтты.

«Жасыратын несі бар?! Бізге кішкене ренжіді ғой. Себебі оған дұрыс көңіл бөлінген жоқ. Керемет-керемет сценарийлары іске аспай қалды. Ол өзінің өмірінің аз қалғанын сезді. “Маған қашан мүмкіндік береді?” дейтін. Сосын өзім де кино түсіре алмай жүргенімді айтатынмын»,- дейді актер әрі кинорежиссер Болат Ғалымбетов.

Айта кетейік, 26 желтоқсан күні қалың қазаққа “Менің атым Қожа” филімінде басты кейіпкер Қожа бейнесімен танылған актер, сценарист және кинодраматург Нұрлан Сегізбаев бақилық болған еді.

Міне бүгін Дүниежүзілік кино күнінде жақындары оны ақтық сапарға шығарып салды. Марқұм тірі болғанда, қаңтардың 28-не, 75 жасқа толар еді.

Барлық жаңалықтар