Қонаевта бес қабатты үйдің шатыры өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Қонаевта бес қабатты үйдің шатыры өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

 Қонаевтағы бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, тұрғындарды ғимараттан эвакуациялады, деп жазады Democrat.kz.

Өрт туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде бес қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқан.

Өрттің тұрғын пәтерлерге таралу қаупіне байланысты құтқарушылар адамдарды ғимараттан шығара бастады.

Оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды.

Жалынды сөндіруге бірнеше өрт сөндіру оқпаны беріліп, операция жоғары шақырту рангі бойынша жүргізілді.

Алғашқы ресми ақпарат жарияланған сәтте зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.

Өрттің нақты себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі кейін анықталуға тиіс. 

Барлық жаңалықтар