Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова үлкен спортқа қайта оралды, деп хабарлайды Democrat.kz.
1 қыркүйекте «Астана» клубының құрамына ресми түрде қабылданғанын өз Instagram желісінде жариялады.
Сабина Алтынбекова 2015 жылы Тайбэйде өткен Азия чемпионатында жастар құрамасы сапында өнер көрсетті. Ол ойынымен қатар сұлулығымен де әлем назарын өзіне аударған болатын. Ол Қазақстанда «Алматы» клубында ойнап, кейін Жапония, БАӘ және Индонезия елдерінде кәсіби карьерасын жалғастырды. Ал «Аль-Уасл» клубының сапында Араб лигасының чемпионы атанды.