ТикТок әлеуметтік желісінде шымкенттіктерге қатысты "халқы суайт, аферист" деген әйелдің сөздері қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.
"Шымкент халқын суайт, өтірікші, аферистер деген мына әйелді сотқа тарту керек. Тұтас бір өңірдің халқының ар-намысын таптау, жала жабу болып табылады. Сол себепті заң алдында мына әйел жауап беруі керек" дейді қоғам белсендісі Сәкен Әли.
Қоғам белсендісінің бұл үндеуін қолдап жатқандар өте көп. Алайда кейбір оқырмандары "өтірік пе, шындығы солай ғой", "дұрыс айтқан бұл әйел", "өтірік емес қой алаяқ өтірікші шымкент" деген сыңайда да пікір жазып жатқандар бар.