Танымал актер Азамат Сатыбалды өзіне ең көп қойылатын сұрақтың біріне жауап беріп, әйелімен неге бір жобада жұптасып жұмыс істемейтінінің сырын айтты деп жазады Democrat.kz.
Азамат Сатыбалды өзіне "неге әйеліңізбен бірге жұптасып, рөл ойнамайсыздар" деп жұрт жиі сұрайтынын айтып: "Әйелім екеуіміз ең алғаш театрға келгенімізде, "Қозы Көрпеш Баян сұлу" спектаклінде жұптасып ойнағанбыз бұрын.
Сол спектакльде Қозының өлетін жері бар. Қозы өліп, сахнада сұлай құлап жатады. Яғни, Қозының рөліндегі мен сахнада "өліп жатырмын".
Ал Баянның рөлін сомадаған әйелім сол сәтте сахнаның арғы жағынан пышақ алып келуге кететін жері бар. Баян пышақты алуға кеткен соң, кенет құлап түскен дүңк еткен дыбыс естілді.
Мен жерде "өліп жатырмын". Әлгі дүңк еткен дыбыстан қорқып, "өліп жатқан" сахнамнан қатты қорыққаннан атып тұрғаным бар", - деді.