Әнші Жазира Байырбекова өзінің көп нәрсені дұрыс жасамай келгенін айтып, бүгінге дейін қандай әйел болғаны туралы ағынан жарылып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Ештеңе жазбай кеттіңіз ғой.Әдемі естеліктер жазып тұратын едіңіз" дейді көмекшілерім.
Ал жазайын ойымды.
Мен көп нәрсені дұрыс жасамаппын. Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам
мен тым ыңғайлы әйел екенмін.
Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын.Қыздармен қырып,күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін.
Жұмысыма,отбасыма арнадым уақытымның бәрін. Мынау әйелдің міндеті,мынау еркектің міндеті демей,ауырды да ,жеңілді де бірге көтеріппін.
Өзімді бірінші орынға қоймай күйеуімді бірінші орынға қойып,әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап,күйеуімнің қалауын ескеріппін.Әр нәрседе соңғы шешімді күйеуім шешкенін күтіппін.
Маған қаталдық көрсетіп,ренжіткендерді де құрметтеп,сыйлап,кешіріп,түсінуге тырысыппын.
Ойлана келе, қазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы осы күнге дейін бәрін дұрыс жасамағанымның нәтижесі сияқты.
Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама.
Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы. Аллаға шүкір", - деп жазды Жазира Байырбекова.