Белгілі әнші Тамара Асар сүйінші сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Тамара Асар парақшасында: "Сүйінші! Елдікті сақтайтын, ұлттың ұлылығын ұлықтайтын игі істің сәтті аяқталуы әр қазақтың жүрегіндегі олжасы!!!
«Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді.
Сериялық нысан құрамында ШОПАН АТА, ҚАРАМАН АТА, ШАҚПАҚ АТА, СҰЛТАН ЕПЕ және БЕКЕТ АТА атты бес киелі кешен бар.
Маңғыстаудың БЕКЕТ АТА жартасты мешітІ тек құлшылық жасайтын мекен ғана емес, өз заманында білім мен ағартудың өзіндік орталығы болды. Бұл жартастарда халқымыздың тарихи жады, ата-бабаларымыздың аманаты сақталған.
“Ел қорғаны Ер Бекет” әнін осыдан бір жыл бұрын, Атаның кезекті асы болатын кезде, @serik_sariyev досымның идеясымен @marat_orazbayev ініме жаздырғанбыз. Орындау кезінде бүкіл өмірім көз алдымнан өткен.
Артынша, толқыуым басылмай, Оңайгүл апаммен хабарласып, “Ұран болған Пір Бекет” әніне ол кісі сөз жазып, мен әуенін шығарып, жарыққа әкелдік…
Әлем мойындаған қасиет қонған жердің бүгінгі олжасы құтты болғай", - деп жазды.