Бұрынғы депутат Геннадий Шиповских әлеуметтік желідегі парақшасында әйелімен ыңғайсыз фотосын жариялап, елдің сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Экс-депутат Геннадий Шиповских желідегі парақшасында әйеліне ыстық лебізін білдіріп: "Бүгін бізге 6 жыл! Саған барлығы үшін рақмет, қымбаттым! Сені дәл өзіңдей қайғы мен қуанышта бірдей қатты сүйемін. Екі сұлу қыздарымыз үшін рақмет! Керемет кездеріміз болды - одан да керемет кездеріміз әлі алда!", - деп жазып, әйелімен сүйіскен фотосын жариялады.
Бақытты жұптарды құттықтап жатқандар мен игі тілектерін жазып жатқандар да бар. Әйтсе де, "артындағы мешіт, шіркеудің суреті ме?", "шіркеу, мешіттің жанында бұлай сүйісуге болмайды", "ұят емес пе" дегенге саятын пікір жазушылар экс-депутатты сынап жатыр.
