Қазақстаннан туған анасын іздеп жүрген Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасап, биологиялық анасын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Democrat.kz.
"Қалдарыңыз қалай? Жазды қалай өткізіп жатырсыздар, қандай жоспарларыңыз бар?
2025 жылдың желтоқсан айында мені әлемдегі ең танымал әрі ең терең жабық дайвинг бассейні @deepdivedubai -ға шақырды! Егер біреуіңіз баруды жоспарлап, жеңілдік кодын пайдаланғыңыз келсе, қуана-қуана сізге көмектесемін!
Алдағы күндері тағы да жаңа жарияланымдармен бөлісемін. Олар сіздерге қызық болады деп шын жүректен үміттенемін.
Биологиялық анамды іздеуім әлі де жалғасып жатыр. Егер бөлісуге болатын жаңа ақпарат пайда болса, міндетті түрде сол туралы да жарияланымдар жасаймын.
Баршаңызға тамаша жаз тілеймін!" - деп жазды Жәнібек өзінің желідегі парақшасында.