Блогер 10 тамыз күні Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертін бұрынғы жары ұйымдастырғанын жеткізді. Сондай-ақ Қарақұсованы видеоға түсіріп, Instagram парақшасында жариялады деп мәлімдейді Democrat.kz.
“Құтты болсын! Достар, бұл менің бұрынғы жарым. Бүгінгі концертті ұйымдастырушы First Media Group. Дана, жарайсың. Байқаймын, сізде әлі де қуат бар. Балалар келіңдер жиналайық, көрсетейік. Әдемі. Кел осында тұр. Міне, балалардың бас қосуы. Әй, ол кетіп қалды, болды”, – деді Әлібеков.
Сондай-ақ блогер жазба астына: “Менің балаларымның анасы”, – деп жазып қойған.
Ал желі қолданушылары оларға жылы лебіз айтып, ажырасса да жақсы қарым-қатынас сақтап қалғанына таңданысын білдірді.
“Қандай керемет. Олар ажырасса да жақсы қарым-қатынас сақтап қалған”, “Дана сондай сұлу, мейірімді, ақылды әйел”, “Балаларыңыздың анасы қандай керемет. Ең бастысы күш-қуаты ба. Бәрін сізге шашпаған”, – деп жазды олар.