Әлеуметтік желіде Түркістан облысында болған отбасылық дауға қатысты жазба тарады. Пост авторының мәлімдеуінше, жас келіншек жігітпен тоғыз ай кездесіп, кейін оның ауылына өз еркімен келін болып түскен. Алайда арада түсініспеушілік туып, қыз полицияға өзін «алып қашты» деп арызданғаны айтылады деп жазады Democrat.kz.
Жазбада арызды қайтарып алу үшін 5 миллион теңге талап етілгені де көрсетілген. Бұл мәліметтер әзірге ресми органдар тарапынан расталған жоқ.
Әлеуметтік желіде Түркістан облысында болған келін мен күйеу жігіт арасындағы дауға қатысты жазба көпшіліктің назарын аударды.
Жазба авторының айтуынша, Түркістан қаласы, Созақ ауданының тұрғыны Аида есімді бойжеткен Ұлытау облысы Қарсақбай кентінің тұрғыны Нұрсұлтан есімді азаматпен тоғыз ай бойы қыз-жігіт болып жүрген.
Постта қыздың кейін тұрмысқа шығуға өз келісімін беріп, Қарсақбай кентіне келін болып түскені жазылған.
«15.07.2026 жылы Түркістан қаласы, Созақ ауданының азаматшасы И.А. Ұлытау облысы, Қарсақбай кентінің тұрғыны Нұрсұлтан есімді азаматпен 9 ай қыз бен жігіт ретінде жүріп, тұрмысқа шығуға өз еркімен келісімін беріп, Қарсақбай кентіне келін болып түсті», – делінген желідегі жазбада.
Алайда пост авторы кейін жағдай күрт өзгергенін алға тартады.
Оның мәлімдеуінше, қыз белгілі бір уақыттан кейін өзін «алып қашты» деп арыз түсірген.
Әлеуметтік желідегі жазбада одан да ауыр айып айтылады: автор қыз тарапынан арызды қайтарып алу үшін 5 миллион теңге талап етілгенін мәлімдеген.
Дереккөз: Threads желісі