Тіл мәселесі: "Күрескер кісілер бас қосып, жоспар құруда" дейді Санжар Керімбай

Тіл мәселесі: "Күрескер кісілер бас қосып, жоспар құруда" дейді Санжар Керімбай

Діндар, бірнеше кітаптың авторы Санжар Керімбай бірнеше күрескер азаматтармен бірге жұмыс комнадасы құрылғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.

"Кеше Мейірман адвокат соғып қайдасың. Сен керексің деді. Елде емес екенімді білгесін онда орныңа Баспа Үйінен бір өкіл бер.

Қазір мұнда Дос Көшім ағаң келеді. Тағы да күрескер кісілер болса маған жібер. Қарап отырмай қарманып қалайық. Жоспар құрайық деді.

Орныма Баспа директоры Бағдат ағаларың барып қатысты. Бір жұмыс командасын құрды. Сөйлесіп отырмын. Жоспарларын айтты.

Нәтижесін бір Алла біледі. Пендеден әрекет, Алладан берекет. Тағы да біраз кісілер қолдап, қосылып жатыр деді. Әзірге осы", деп жазды Санжар Керімбай. 

Әйтсе де, бұл жазбаға қатысты қолдаудан гөрі сенімсіздік танытқандар аз болмады.

"Дос Көшімге сенім жоқ", "Сіздерге сенуге болмайды өкінішке қарай" дейтін пікірлер мен қатар "қолдайық!", "қарап отырмайық!"дейтін пікірлер де жазылуда. 

 

Барлық жаңалықтар