13 жасар ұлға екі еркек жыныстық зорлық жасамақ болған
Қыркүйек айының басында Ақтөбеде 13 жастағы ұлдың әкесі баласына әлдекімдер зорлық жасағанын мәлімдеген еді. Azattyq Rýhy облыс прокуратурасына ресми сауал жолдай отыра, сұмдық фактілерді анықтады.
Прокуратураның жауабына сүйенсек, балаға бір-бірін танымайтын екі ер адам және мүлде екі түрлі уақытта тиіскен. Яғни, прокуратура атап өткендей, бұл екі іс бір-біріне қосылмай, екі бөлек қаралып жатыр.
«Қылмыстық кодекстің 121 бабы, 4-тармағы бойынша күдікті ұсталып, екі ай қамауға алынды. Ал, қылмыстық кодекстің 122 бабы 1-тармағы бойынша зардап шеккен адам өзіне зорлық жасалғанын теріске шығарды. 122 бап жазасы орта қылмыс болып саналған соң, күдікті қамалған жоқ», — деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Айта кетейік, 122 баптың 1-тармағы «Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаудың» жазасын көздейді.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.