Әкесі зорлаған қыз бар шындықты айтып берді
Көптен бері «әкем мені зорлады»деп әділдікке қол жеткізе алмай жүрген Айбота Рахымбекова бұл жолы оқиғаның қалай болғанын түгел айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Ауыл шаруашылығы мәселелерін көтеріп жүрген сарапшы Алмасбек Садырбаевпен сұхбатында Айбота әкесі Төлеутай Рахымбековтің өзін 11 жасында қалай зорлағанын айтып берді.
«Анам іс сапармен басқа қалаға кеткен бір күні әкем жаныма келіп, порнографиялық фильм көрсетті. Арада бірнеше күн өткенде әкем мені зорлады… Шаруасын бітірген соң, «ешкімге айтушы болма. Егер анаңа айтсаң, анаңды ешқашан қайтып көрмейсің», деп қорқытты»,- деген Айботаның оқиғасын алаңсыз тыңдау мүмкін емес.
Айбота өзінің басынан өткен оқиғасын төмендегі видеода бүкпесіз баяндап берген. Сондай-ақ Айбота қанша уақыттан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтады.
Фото интернеттен алынды.