Әлихан Байменов ағынан жарылып ақиқатты “айтты”

0
249

Саясаткер Әлихан Байменов Алтынбек Сәрсенбаевпен байланысы және экс президент Назарбаевтың қалай сес көрсеткені туралы айтты, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Әлихан Байменов «Қасқа жол» YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.Байменов Алтынбек Сәрсенбаев қайтыс болған күні көңіл айтуға барғанын айтады.

«Ол кезде ол өзі КазКомның коттедждер қалашығында тұратын. Өз үйі емес, әкесінің үйінен шығарылды. Естіген күні Төрегелді Шарманов ағамыз екеуіміз көңіл айтып шықтық. Шығарып салу рәсімі кезінде де басына барып, кезекшілікке тұрдық. 2006-ға дейінгі өмір бар ғой. 1992-жылдан бастап дос болдық. Мен облыс әкімінің орынбасары болған кезімде орталықта 4-5 адам ғана болатын араласып тұратын.

Оның басына қауіп төнген кезде қабылдаған шешімдерім – достығымыздың нәтижесі ғой. Оны ата-анасы да біледі. Сол себептен де болар 2003 жылы сол әулетте бір нәресте өмірге келді. Соның есімін Әлихан деп қойды. Сол кезде Алтеке әкесімен байланыстырып батасын берді», — дейді Әлихан Байменов.

Сонымен қатар, Әлихан Байменов Назарбаевтың «Отан» және «Ақжол» партияларын біріктіргісі келген кездері туралы да айтты.

«Осы елді мен құрдым, сендер де менің қолымнан өттіңдер, осындай дәрежеге жетіп отырсыңдар, қосылатын уақыт келді. Осымен сөз аяқталды» дегендей столды бір ұрып, кабинетінен шығып кетіпті. Яғни бұл «менің айтқанымды істейсіңдер» дегендей белгі болыпты. Болды ма мұндай?», деп сұрайды журналист.

Әлихан Байменов Назарбаев бірнеше рет осындай әңгімелерді тұспалдап жеткізген екен.

«Реформаны қолдайсыңдар сендер дейтін. «Нұр Отанның» ішінде реформалық күштер әлсіреп кетті. Сендер болсаңдар ғой дейтін. Біз өз тарапымыздан қауіпсіздік шарттарын қойдық. Кейін бәрімізді Алматыда да бір отырысқа шақырды. Казкомның делдалдығымен.

Сол жерге ана кісі де (Назарбаев) кездейсоқ келіп қалып жүрген кездер болды. Сосын ол кісі «сендердің басшылық құрамдарыңа басқа лауазым иелерін кіргізгісі келіп жүрді. Ондай келіссөздер жүріп жатты», — дейді Байменов.

Одан бөлек, Байменов Болат Әбіловтің айыптауларына жауап берді. Ел арасында Әлихан Байменов «Ақжолды» Нұр Отанға қосайық деп ұсыныс жасаған деген әңгіме тараған көрінеді.

«Компартия билікте болған кезде ол (Болат Әбілов) компартия мүшесі болды. Нұр Отан билікте болған кезде президенттің қаламсабын 1 миллион жолларға сатып алады. Соның нәтижесі болса керек Нұр Отаннан  Мәжіліс депутаты болады. Өзі неше партияда болғаны есінде ме екен? Сондықтан ол – нарцис, айта береді», — дейді Байменов.

Фото ашық дереккөзден алынды.