“Әпше” сөзі – ерсі сөз бе, әлде мағынасы терең сөз бе?

0
415

Әлеуметтік желіде “әпше” сөзіне қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.

“Шымкенттіктер “әпше” деп айтады деп өзімізше тырқ тырқ күлетін қазақпыз ғой. Мен осы “әпше” сөзін зерттеп көрдім.

Расында, бұл түркінің ең көне сөздерінің бірі болса керек. “Ең жақын әйел кісі” деген мағынаны білдіреді. Қандай керемет мағына.

Жазылуда дұрысы – “Әбше” екен, кейінірек дыбыстық ерекшеліктерге ұшырап, “Әпшеге” айналған тәрізді. Сол көне түркі сөзі Шымкент өңірінде сақталған. Ал өзімізше мәдениетті көрініп, керіле айтып жүрген “Тәтеміз”, орыстың жай ғана ” Тетясы”екен” деген қоғам белсендісінің жазбасына қатысты жұрт түрлі пікір жазуда.

“Әпше емес, әпке”, “әпше – әдемі сөз”, “әпше- ерсілеу сөз”, “тәте деп ер кісіге айтады”, “негізі дұрысы – “апаке” деген сөз. Өзгеріске ұшырап, “әпкеге”, кейін “әпшеге” ауысқан” деген сыңайда жұрт пікір жазуда.

Фото көрнекілік үшін.