Әскердегі сұмдықтар бітер емес

0
169

Жылына бірнеше рет әскердегі сұмдық жағдайларды естиміз. Жас балалар шетінен өліп жатыр, өлмегені анау — төсекте жатыр, басының жартысын ішіне кіргізіп жіберген.

Бұл қалыптасқан система. Адамдық сипаттан ада, құбыжық жүйе. Отан қорғайтындарды бір-бірін зорлап, өлтіруге тәрбиелейтін орта. Жылына 270 өмір үзіледі деп жатыр. Яғни 270 ата-ана баласын жерлейді…

Дедовщина деген ескіден қалған үрдісті құрту керек. Біреулер оны “өмір көру” деп ақтайды. Ешқандайда өмір көру емес, менің ойымша жәй таяқ жеу. Әскерге дейін басынан сөз асырмаған қазақтың атылып тұрған асау жасөспірімдерін көкала қойдай қылып сабап, көзіндегі отын өшіретін үрдіс. Өздеріңіз байқайтын шығарсыздар, әскерде болған мен болмаған ер адамдар байқалып тұрады. Кеңес одағы кезінде адамдарды жуас қылып ұстау үшін әдейі жасалған нәрсе деп ойлаймын.

Ал осы жүйеге жауапты министрдің мұрты қисаймаған, кеудесі орден-медальға толы кейпінде отбасымен түскен бақытты фотосы әлеуметтік желіден алдымнан шыға береді…

Бұның шегі барма әлде жоқпа???? Түгел тексеріп, нақты, шын өзгеріс жасайтын уақыт әлдеқашан келді деп ойлаймын!

Арман РАХМЕТ, Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.