«Ата-бабамыз дін үшін соғысты»дейді Ғалымжан Құрманбек
Қабанбай,.. Махамбеттер жер үшін емес, ислам үшін соғысты ма?Мүфтияттың тамадасы қазақ тарихын бұрмалады
«Нұр-Мүбарак» діни университетінің құрылысына ақша жинау үшін шақырылған мынау жиында сөйлеп тұрған Ғалымжан Құрманбек.
Ол қазақ батырларының бәрі «жер үшін емес, дін үшін соғысты» деп көкіп тұр. Шындығында, қазақ батырларының бәрі шешуші шайқасқа даңқты аталарын есімін айқайлап айтып, әруақ шақырып шыққан.
Жәңгір ханның және оған қарсы соғысқан Исатай мен Махамбеттің діні де, тілі де бір еді. Егер осы жерге тамаданың сөзін қыстырсақ, онда Исатай мен Махамбет не үшін, кім үшін соғысқан?!.
Ғалымжан Құрманбекті «мүфтияттың тамадасы» деп айтуға толық негіз бар. Ол мүфтият ұйымдастырған ауызашарларды, басқа жиындарды жиі басқарады.
Назарбаевтар шешесінің атына мешіт салғанда, Қайрат Сатыбалды, Біләл Ердоған сияқты сақалдылар қатысқан сол мешіттің ашылу салтанатын дәл осы «мүфтияттың тамадасы» басқарған.
Сондықтан Ғалымжан Құрманбектің ауызымен айтылған бұл нарративі ҚМДБ-ның қазақ тарихын бүлдіріп, қазақтың даңқты тұлғаларының бәрін исламист етіп көрсету саясатымен ұштасып жатыр.
Мен қанша мәрте айттым, жаздым: «кез келген діни ұйым түбінде мысықтабандап барып саяси билікті басып алуға ұмтылады, билікке қолы жеткен соң, зайырлы елдің заңын жойып, оның орнына халифат орнатуды көздейді» деп.
Имамдардың «шариғатымызда мынандай үкім айтылған, шариғатымызда былай…» деп қақсай беруі сондықтан. Мүфтиятты тез арада реформаламаса, бәрі кеш болатынын Ақорда қашан түсінеді екен, а?!!
Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен алынды.