"Иса мәсіх қолдасын" деп бата берген ақ жаулықты апа сынға қалды

"Иса мәсіх қолдасын" деп бата берген ақ жаулықты апа сынға қалды

Әлеуметтік желіде көпшілік алдында бата берген апаның видеосы кей кісілерді таңғалдырып, кей кісілердің ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.

Үстінде қазақтың оюлы қамзолы, басында киелі ақ жаулығы бар қазақтың үлкен жастағы апасының көпшілік алдында микрофонмен бата беріп тұрған видеосы қызу талқыға түсті. 

Видеода апа: "Иса мәсіх қолдасын! Әр жүректен орын алсын. Еш жамандық болмасын, тек жақсылық болсын. 

Құдайға барар жолымыз тек қана Иса мәсіхпен болсын. Иса келсін төріңе, көрінсінші көзіңе. "Балам" деп басымнан сипап, бар жақсылығын берсін сіздерге. Бар жақсылықты Исаның атымен тілеймін" деп жұртшылыққа бата берді. 

Өз қауымының адамдары болса керек, "аминь" десіп, бұл батаны қолдап отырғандардың да даусы естіліп жатыр видеода. 

Әйтсе де, видеоны көрген кісілер "апау, сізге не болған? Осыларды түзейтін жөніңіз ғой, апау", "мына әженің балалары бар шығар. Қайтыс болса, шіркеуге апарып жерлеңдер. Христиан зиратына", "пенсия жетпейді, ақша көп төлейтін болып тұр ғой", "аллаға серік қоспаңыз" дегенге саятын пікірлер жазып, вдеодағы апаның әрекетін бұрыс деп, өздері жүрген жолды дұрыс деп еліріп жатыр

Барлық жаңалықтар