Алдымен дәлелденбеген әдістер мен дәрілік ем-дом. Аутизм – бұл дәрілермен емдейтін емес, түзетенін сырқат, тіпті сырқат деуге келмес, «денсаулық жағдайы» десек болады. Соған қарамастан өзбекстандық клиникалар дәрі-дәрмекпен емдеу әдістерін белсенді түрде жарнамалап келеді, алайда оның тиімділігі әлі ешқайда дәлелденбеген. Оның үстіне бұл жағдайды шешкені былай тұрсын, баланың жағдайын күрт нашарлатып жіберуі де мүмкін.Айтып отырған өзбекстандық клиникалар өздерін барынша жарнамалап қана қоймай, әлеуметтік желілер мен интернеттегі жағымсыз пікірлерді өшіріп, тек оң пікірлерді қалдырады екен. Соның кесіренен «ғажайып дәрілер» мен «санаулы күн ішінде аурудан айығу» сияқты жел сөзге көптеген ата-аналар сеніп қалып жатыр. Бұл өз кезегінде ата-ананың қалтасына қаржылық ауыртпалық салып, баланың денсаулығына да өз зиянын келтіреді Олар бір деммен балаға үлкен көлемде дәрілер мен инъекциялар сала бастайды, бұл бастапқыда «оң әсер» еткендей көрінгенімен, уақыт өте келе оның жағымсыз жанама әсерлері мен бала денсаулығына тигізіп жатқан зияны байқалады. Интернеттен бір ата-ананың пікірін көріп қалдым. Ол баласына күніне 5 екпе қойылатынын жазған, бұл деген айына жүздеген екпе. Осыдан кейін баланың ағзасы уланып қалмасына кім кепіл? Сондықтан тек ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерге жүгінейік. Балаларымыз аман болсын. Ал баласының амандығы үшін күресіп жүрген ата-аналарға сәттілік пен шыдам тілеймін. Ата-аналардың қалай қиналатынын түсінемін, әркім-ақ баласының аман болғанын тілейді ғой. Бірақ баланы бір демнен емдеп жазатын ғажайып дәрі болғанда әлемде ауру адам қалмас еді ғой. Сондықтан өзбектер ұсынған ем-домға сене бермейік! Тоқтар ЖАҚАШ, журналист. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
Баласы науқас ата-ананың шарасыз жағдайынан ақша таппайық
-
Бауыржан Ибрагимов жаңа тоқалын ел алдына алып шықты17:00, 15 желтоқсан 2025
82
-
"Жақсыгеннен емес, үндістің еркегінен жақсылық көрдім" деді16:30, 15 желтоқсан 2025
84
-
Еркектің қай түрі "тоқал алам" деп жанталасады?16:00, 15 желтоқсан 2025
105
-
Танымал режиссер мен әйелінің өлі денесі үйлерінен табылды15:13, 15 желтоқсан 2025
116
-
Тасмағамбетовке күй арнаған Секен Тұрысбек талқыға түсті14:32, 15 желтоқсан 2025
132
-
"Әкемнің кесірінен гей болдым" деген жігіттің жан айқайы жүректі ауыртты14:00, 15 желтоқсан 2025
297
-
Ат қорада ән салған бала жұрттың аузын аштырды13:30, 15 желтоқсан 2025
152
-
Ләйлә Сұлтанқызы: "Өкінем...менің қателігімді қайталамаңдар"13:00, 15 желтоқсан 2025
177
-
"Ол жігіт менікі болады": Әнші Ерке туралы масқара дүниелер желіде талқыланып жатыр12:15, 15 желтоқсан 2025
332
-
Жаңа шешім: Есепті кезеңде энергетика саласында ең маңызды нәтижелерге қол жеткізілді12:07, 15 желтоқсан 2025
35
-
Мұқағали Мақатаев туралы ел естімеген сұмдық жазба шықты
11:00, 18 қыркүйек 2025
31685
-
"Төсегімізге сыймай жүрміз" дейді Кенжебек Жанәбілов
16:34, 17 қыркүйек 2025
17370
-
ҚТЖ-ны қарызға батырған Мәмин туралы сұмдық деректер шықты
11:00, 10 қазан 2025
17272
-
Салафиттердің былығын ашқан Рания оларды "майсыз табада қуырып жатыр"
13:00, 10 желтоқсан 2025
16009
-
Тұрсынбек Қабатовтың шешесі баласының тоқалына қатысты не айтты?
17:15, 03 қараша 2025
12158
-
Әнші Мәдинаның жиіркеніп, тыжырынғаны жұрттың ашуына тиді
14:00, 12 қазан 2025
11204
-
"Мұғалімдер есеңгіреп қалды, тозды, шаршады" дейді ардагер ұстаз
15:00, 29 қыркүйек 2025
11102
-
"Туған күніңмен, махаббатым!" деген Баян күйеуіне ерекше сыйлық жасады
12:00, 17 қыркүйек 2025
10162
-
"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды?
14:00, 19 қазан 2025
9949
-
Пәтер, көлік сатқанда азаматтар білуге тиіс ережелер
13:00, 16 қараша 2025
9244