«Діндар әйелдің ұлы — трансгендер» деген жұрт қатты таңғалуда

0
567

Әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық суреттермен бөліскен қазақстандық трансгендер НикоНет оқырманын тағы бір таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.

НикоНеттің бөліскен суреттерінде оның анасы Рушанның діндар, хиджабтағы келіншек екенін көруге болады. Өз отбасын таныстырған НикоНет екі әпкесі, бір ағасы мен бір қарындасы барын жазды.

НикоНеттің бұл суреттеріне қатысты оқырманы түрлі пікір жазуда.

«Шешесі діндар, хиджабтағы кісі екен. Мынадайға қалай жол берді?» «шешесі ұлым дүниеге келді, ұрпағымды жалғастырады деп қуанған шығар» «Никонеттің анасы дана кісі болып тұр ғой, баласының таңдауына құрметпен қараған», «мықты! Отбасы да, өзі де керемет Никонеттің» деген пікірлер жазылуда.

Фото видеодан скринделіп алынды.