Қазақтың жерінде «білгенін істеп» отырған мектеп бүкіл оқушысын хиджабқа орады

0
859

2018 ж «хиджап дауы» арқылы бүкіл елге танымал болған Фердауси мектебінің оқушылары қайтадан хиджапқа оранды.»Хиджап кигізбеді» деп, үш жыл бойы ұл-қыздарын мектепке жібермей отырған С.Мирзоев жеңіске жетті, тек оның қыздары ғана емес, басқа қыздар да бүгінде мектепте хиджаппен оқып жатыр.

Аудан әкімі, білім бөлімі, әкімнің идеология жөніндегі экс-орынбасары Алтын Ешанкулова да, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бабашов та бір Сайдакбарды дегенінен қайтара алмауының салдары осындай болды. Ешкім ешнәрсе істей алмады.

Мақтаарал ауданының басшыларының қолынан келмеді делік, ал Қазақстан халқы ассамблеясы қайда қарап отыр?

Ассамблеяның мақсаты мен қызметінің негізгі бағыттары «мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту » емес пе еді?

Министрлік бекіткен мектептің бірыңғай формасына қарсылық танытқан Сайдакбарды неге тәртіпке шақыра алмады?

Айтпақшы,Сайдакбар Мирзоевтың әйелінің інісі Акбаржон Исмайлов — ассамблея кеңесінің мүшесі, республикалық тәжік этномәдени орталығының төрағасы.

Әпке-жездесі ұл-қыздарын сабаққа жібермей отырған кезде, Акбаржон ассамблея төрағасының орынбасары да болды. Өзінің әпке-жездесін райынан қайтаруға шамасы келмеген Исмайлов елдегі бүкіл тәжік диаспорасына сөзін өткізе ала ма?

Хиджапты қойшы, ассамблея осы отыз жыл ішінде өз мақсаты мен қызметінің негізгі бағыттары бойынша да айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады ғой.

Шын мәнінде ассамблея өз жұмысын дұрыстап атқарған болса, диаспоралардың қазақ ұлтының маңына ұйысып, қазақ тілінде сөйлеп кететін кезі болды емес пе? Отыз жыл аз уақыт емес.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: бюджет тапшылығы білініп, ел қиналып жатқан шақта бюджетке жүк қылмай, Қазақстан халқы ассамблеясын тарата салған жөн.

Нұржамал РЕМЕТОВА, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото автордың парақшасынан.