Марқұм әжесінің зейнетақысын алып келген

0
215

Ақмола облысы прокуратурасы Зеренді ауданында зейнеткердің қаражатын ұрлау дерегін анықтап, іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зеренді ауданының прокуратурасы жүргізген талдау қорытындысы бойынша, зейнетақы қаражатын ұрлаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін талдау барысында 2021 жылы Зеренді ауылында 1937 жылы туған зейнеткердің өз кезегінде марқұмның немересі оның зейнетақылық банк картасын қасақана иемденіп алғаны анықталды.

Пайдакүнемдік себептермен, жеке басын байыту мақсатында уәкілетті органдардан қайтыс болу фактісін жасырып, марқұмның банк картасын пайдаланып, зейнетақы төлемдерін жүйелі түрде ұрлап отырған», –делінген Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында.

Ресми мәліметке сәйкес зейнеткердің немересі 4 миллион теңгеден аса ақшаны жымқырып, мемлекетке ірі көлемде зиян келтірген.

«Аталған факті бойынша Зеренді ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы («Алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау немесе құқықты иемдену») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Зеренді аудандық сотының үкімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, ол 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Азамат жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді және айыппұл төлейді», – деді Ақмола облысының прокуратурасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.