Мерекеде әйелдерді сыйлықсыз қалдырған екі жігіт қамалды

0
57

8 наурызға бірнеше күн қалғанда күдіктілер әлеуметтік желіден онлайн дүкен парақшасын ашқан. Содан шоколадты құлпынай сату бойынша жарнама жасаған.

Дегенмен сенімді көрінген парақша арқылы тапсырыс берушілер алаяқтықтың құрбаны болды. Анасына, әжесіне, жұбайы мен әпкесіне арналған сыйлыққа тапсырыс берген жәбірленушілер ақшасын төлегенмен уәде етілген тәттілерді ала алмады.

Жедел іс-шаралар барысында құқық қорғаушылар күдіктілерді анықтап, ұстады.

«Қылмыстық жолмен ақша табуды ұйғарғандар екі жас жігіт болып шықты. Олар қамауға алынды. Қазіргі таңда полицейлер істің мән-жайын анықтауға бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мамандар алаяқтықтың құрбаны болмас үшін интернетте онлайн сатып алу кезінде аса мұқият болуға кеңес береді», — делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.