«Намысымызды кірлетті» деп қарындасын кісендеп, байлап қорлаған

Ағасы «намысымызды кірлетті» деп 15 жасар қарындасын үш күн бойы туысының Кизилюрттегі пәтерінде аккумуляторға байлап ұстаған деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы ресейлік дереккөздерге сілтеме жасап.
Оқиға қалай болған? 15 жасар қызды сыныптастары екі жыл бойы зорлап келген. Осыны естіген қыздың ата-анасы мен ағасы «намысымызды кірлетті» деген себеппен оны үш күн бойы туысының үйінде батареяға аяғынан байлап қойып, «тәрбиелемек» болған.
Оқиға Дағыстанның Кизилюрт елдімекенінде болған.
Аяғы байлаулы қыз есебін тауып, теледидардың пультіне «көмектесіңдер» деп жазып, терезеден сыртқа атқан.
Жолай өтіп бара жатқан бөтен келіншек әлгі пультті тауып алып, полицияға хабар береді.
Қазіргі кезде 15 жасар қызға қайта оңалту бойынша көмектер көрсетілуде. Ал қарындасын «тәрбиелемек» болған жігіте қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Ең сорақысы, бір топ еркектен зорлық көрген қызды қорғаудың орнына, туыстары өз «ар-намыстарын ойлап» мынадай қорлық көрсету — Солтүстік Кавказда қалыпты жағдай екен.
Фото көрнекілік үшін.