«Дала Қырандары» Оралдағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты
16 Сәуір – “Дала қырандары» жастар бірлестігі Батыс Қазақстан облысының аумағындағы елдімекендерді табиғи құбылыстардың теріс әсерінен қорғауға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.
Бұл жұмыстарды жүргізуге бірлестікке ҚР Туризм және спорт министрлігі бастаған еліміздің белгілі спортшылары және БҚО-ның түрлі спорт түрлерінің өкілдері қосылды.
Спортшылардың осы акцияға қатысуы ынтымақтастық, командалық рух және басқаларға көмектесу сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Орал қаласына Серік Сапиев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусинов, Сергей Цырульников, Ербол Хамитов, Асхат Ділмұхамедов, Алматы Кебіспаев, Василий Тахтай, Фируза Шәріпова және т.б. танымал спортшылардан құралған алғашқы эшелон Зачаганск елдімекеніндегі бөгетті нығайту жұмыстарына ат салысуда. Жергілікті тұрғындарға көмекке 400 адам жиналды. Олардың барлығы ММА, грек-рим және еркін күрес, грэпплинг, футбол, футзал және т.б түрлі спорт түрлерінің өкілдері.
Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді.
Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесуден бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген дүниелерді сол жерде сұрыптап, еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік.
9 сәуірде Тайтөбе кенті тұрғындарына көмек қолын создық. Ал 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні қозғалыс қатысушылары Жібек Жолы ауылы тұрғындарының өтініштері бойынша жергілікті бөгетті нығайту жұмыстарына атсалыстық.
Фото ашық дереккөзден алынды.