«Орыс тіліне мемлекеттік статус берілсін!» дейді сарапшы (ВИДЕО)

0
877

ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасынд Гренада атымен тіркелген, өзін саяси-сарапшы деп көрсеткен әйел тіл мәселесіне қатысты ұсыныс жасады деп жазады Democrat.kz.

Тәуелсіздік жылдары бойы мемлекеттік статусына шыға алмаған қазақ тілі туралы сөзін бастаған Гренада:

«Мектепті бітірген оқушының өзі қазақ тілін жетік білмейді. Әрі қарай да сол көрініс. Университет, жаңа жұмыс орны, қоғамдағы бүкіл жерде — орыс тілі еркін қолданылады. Қазақ тілін мемлекеттік тіл статусына шығару үшін қаншама іс-шаралар жасалды. Алайда әлі күнге нәтиже жоқ. Қазақстанда орыс тілі — қазақ тілімен бірдей дәрежеде, тіпті жоғары дәрежеде қолданылады. Миллиондаған азамат еркін қолданатын орыс тілінің деңгейін мемлекеттік статусқа көтеру керек деп санаймын. Орыс тілін этникалық ұлттар ғана емес, 90 пайыз қазақ еркін қолданады. Тек қана орысша сөйлейтін қазақтар миллиондап саналады. Орысша сөйлегеннен сол қазақтар орысқа айналып кетпеді» деген Гренада орыс тіліне мемлекеттік статус берілсе, ұлтаралық араздық та азаятын көрінеді.

Фото көрнекілік үшін.

Watch on TikTok