Өзімді іздеп таба алмай жүрмін
Өкінемін. Тым ерке өсірді мені. «Сенікі дұрыс» деді. Бетімнен қақпады. Міне сол менің өте көп өкініштерімнің себебі болды.
Бала тәрбиесі туралы бізде ұлттық бірыңғай ғылымый жүйе қалыптаспапты да. Ежелгі ескі ұлттық тәрбиеден екі бастан ажырап, алыстап қалдық. Біздің алдыңғы буын тіптен солай. Кәзір біз не қазақ емес, не орыс емес, арада қалған бір дүбәра қауым болдық та қалдық.
Мұсылмандығымыз да шамалы. Мысалы, мен өзімді мұсылман санаймын. Бірақ оның шарттарын орындап жүрген жоқпын. Ол маған ауыр сияқты. Соны орындамағаным үшін ар жағым, ішкі түйсігім өзімді кіналайды. Іштей қиналам. Сөйте тұра сырамды ішіп алам. Шашты жіберем. Осы заманғы соңғы үлгідегі киімдерді кием. Купальник киіп, теңізде шомылам.
Ара-тұра уағыз естиміз. Көбіне кісі қайтқанда, жайылған дастарқанда, молдекеңдер уағыз айтады. Оны естіп, тіпті шошимын.
Шіркеуге де барып көрдім. Еуропа дегеніңіз тұтасымен шіркеу ғой. Еуропа тарихы-шіркеуде. Шіркеу маған тыныштық бере алған жоқ. Жәй, қызықтап, тамашалап, қайтамын.
Сонда біз кімбіз?!
Светский мусульманин? Әлде жаңа атауша атағанда «культурный мусульманин?
Маған не керек? Мені аялайтын, сүйетін еркек керек. Өкінішке, адасуға толы өткенімді дұрыс қабылдай алатын, қамқоршы, сүйеніш керек. Мен оны Советски тәрбие көрген, жасы бізден көп үлкен ер-азаматтардан таба алмаймын. Жастар жағы тым күрделі. Олар-тұманды күні адасып қалған жолаушы сияқты. Сүйеу болмақ түгілі сүйенгісі келеді.
Діни сектанттарға жолағым келмейді.
Дінсіздерден қорқам. Олар тым қорқынышты.
Сонда маған кім керек? Өзім де білмеймін.
Біз тегі кімбіз?! Сіз кімсіз? Біз қайда барамыз?!
Әсел ҚОЙБАҒАРОВА,
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.