Президент құрмет көрсеткен мұғалім қудалауға ұшырады

0
2715

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Ш.Уәлиханов мектебінің мұғалімі Әбибулла Жакутаев мектеп басшылығы мен әкімшілігі тарапынан қысым көріп отырғанын айтады деп жазады Democrat.kz.

HAN-TV арнасы таратқан ақпаратта 42 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп, өмірін білім саласына арнаған Әбибулла Жакутаевқа қазіргі кезде басшы-қосшылар жұмыс істеуіне кедергілер келтіріп жатқан көрінеді.

Мұндай қысым-қудалау әрекеттері Ордабасы ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектепке жаңа басшы келгеннен кейін басталған.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбибулла Жакутаевтың сағатын қысқартқанымен қоймай, басшылық оның сынып жетекшілігін де тартып алған.

Мұнан бөлек, оқушылар мен ата-аналарға Әбибулла Жакутаевтың үстінен шағым да жаздырған.

«Маған мектепті қарсы қоюда. Мектеп директоры Қырықбаев Манап Наурызбайұлы мен оның орынбасарлары оқушыларды да маған қарсы қоюда.  Мен оқушыларға артық сөз айтқан емеспін. Дүйсенбі күні директор жиналысқа салды. Директордың айтуынша, менің үстімнен оқушылардан шағым түсіпті. Арнайы ұйымдастырылғаны белгілі, әйтпесе, балалардың сөмкесінде шағым жазу үшін А4 ақ парағы қайдан жүрсін?», — деген ұстаз өзіне мектеп басшылығы тарапынан болып жатқан мынадай заңсыздықтарға қынжылады.

Мұғалімге «оқушыны жылатады», «оқушыға жаман сөз айтады» деген сыңайда кінә тағылып отырған сыңайлы.

Әйтсе де, бұған қатысты Әбибулла Жакутаев: «Білімін «4» деп бағалағаным үшін бір оқушымның «5» қой деп жылағаны рас. Білімі «5»-ке жетпесе, мен оған артық бағаны қалай қоямын? Ал балаларға жаман сөз айтқан емеспін», — дейді.

Өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған Әбибулла Жакутаевтың мынадай жағдайынан аудандық білім бөлімі басшысы «хабарсызбын» деп құтылды.

Фото видеодан скринделді.

@han_tv_

Еңбегін Президент бағалаған ұстаз қудалауға ұшрадым деп отыр. Ордабасы ауданы Ш. Уалиханов атындағы мектеп гиназиясына жаңа басшы тағайындалғаннан бері мектеп басшылығы мен мектеп әкімшілігі тарапынан қысымдар көрсетіліп келеді екен. Ата-аналар мен оқушыларға арыз жаздырып, мектеп басшылығы сыныбынан шеттетіп отыр дейді ашынған ұстаз. #президент #ұстаз #мәртебе #мұғалім #оңтүстік #астана #алматы #жаңалық #мәртебе #медал

♬ оригинальный звук — “𝐇𝐀𝐍-𝐓𝐕”ТЕЛЕАРНАСЫ