Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты екі қылмыстық іс қозғалғаны айтылды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Фариза Алмазқызының айтуынша, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша тіркелген. Оның жазуынша, актерге қатысты тергеу ҚК-нің 115-1-бабы және 274-баптың 2-бөлігі 3-тармағы бойынша жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 115-1-бабы және 274-баптың 2-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелді. Біз адвокатым екеуміз бұл істердің соңына дейін барып, сотта нүктесін қоямыз. Заң алдында тиісті жазасын алады», – деп жазды Фариза Алмазқызы.

Әзірге құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыген мен оның бұрынғы жұбайы арасындағы дау әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.

Барлық жаңалықтар